Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.02.2022
256
КӨК ПЕРДЕ
Бастағандай өзіңді,
Бақыты мол көктемге.
Күн батқан соң көзіңді,
Шақырады көк перде.
Көк перденің ішінен
Күлімдейді жылы күн.
Көк перденің түсінен
Көрем көлдің тұнығын.
Көк пердеден түсінген
Ойларым да көп менің.
Көк перденің түсінен
Көрем гүлін көктемнің.
Ұялаған жас үміт,
Көз алдымда көп бөлме.
Сонда аруды жасырып,
Тұрғандай-ақ көк перде.
Терезе тұр көкпеңбек
Сəулеге бір батқандай.
Көгершіндер көкке өрлеп,
Ұшып бара жатқандай.
* * *
Жанымның ізгі сырын
Орнаттым жүрегіңе.
Мен сəулем, түз құсымын,
Үйренген бір өзіңе.
Сезім боп сүйенерлік,
Болмаса жаттық деген.
Сайраймын күйім келіп,
Жүремін шаттықпенен.
Басқадай жолдың бірде
Ілесіп жетегіне,
Өзгерсе орның мүлде,
Ұшамын мекеніме.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇