Өлеңдер ✍️
ОЯН
Анық соны білсін адам: Адам әсте өлмейді!
Бірақ тәнге бөлгеніндей рухқа көңіл бөлмейді.
«Қайтып келген кім бар екен?» – көп наданның габы бұл,
Ол ақиқат өлген анық қайтып мұнда келмейді.
Өлім екеу – әуелгісі тірі жүріп дінде өлу,
Дінде өлу – Хақты білмеу, хақсыздықтан күнде өлу.
Өлі күйі өмір сүріп, таусылған сәт дәм-тұзы,
Өтіп хақсыз дүниеден оттық мәңгі сұм болу.
Екінші өлу – дінмен сүріп бұл өмірді айтудай,
Баянды етіп нұрлап, пәктеп дүниеден қайту жай.
Оның аты әрине «өлу» болғанменен заты оның
Міне осындай дінде оянып, дінмен Хаққа қайту жай.
Бұл өліммен өлгендерді «өлді» деген ақымақ,
Бұл сырды ұққан кешегі өткен Ибраһим ақын-ақ.
Ақымақтың анығында кіші-үлкені болмайды,
Жатады олар дүниеден мәңгі өтпестай қатынап...
Олар үшін өлу деген – мәңгі жоқ боп жоғалу,
Өмір сүру – бір келетін өмірге би боп алу.
Міне осындай түсініктің иелері үшін де,
Өлім анық – екі өмірде хақсыз қор боп жоғалу!
Адам біреу,
Бірақ оның түсінігі осындай,
Хақ шындықта қақ бөлінген екі қарсы қосындай.
Әл-Мисақтағы уәдесін ұмытып қап бұл адам,
Қарғыстарға ұшырауда Хақтан келген тосын қай...
Әй, адам-ай, дініңе қайт,
Хақ қалаған дін біреу,
Хақ Біреуін айтқан едік, мынау тағы мұнды* іреу.
Әлемге артық тигізбе қол үйлесімін бұзарсың,
Білген жанға бір шындық бар,
Неге Ай,
Жер,
Күн біреу?!..
Бірақ бұлар Хақ жаратқан мүшелері ғаламның,
(Бұл да ескерту, себебі, адам түсінігіне алаңмын!..)
Хақ Бірлігі бұл бірлердің Иесілік Бірлігі,
Немесе Аллаһ Иесі осы он сегіз мың ғаламның!
Мұхаммедтік сүюменен сүю сені бек қиын,
Өйткені өлі дінсіз құлға сүю құны көк тиын.
Өйткені Аллаһ сан пайғамбар,
Жіберсе де көп кітап,
Секем алып, селт етпейді шайтанға ерген көкмиың!..
«Өлім оятудан бұрын керек екен ояну»,
Хақ жаратқан зат, күллі істен ақыл терең ой алу.
Дәлел ме, адам малға иесің, күллі барға ие Хақ,
Көрмей сенбей қор болма онда,
Сенбеу – қорлық бой алу!
*Мұн – есті, бірақ білері аз 2012.1.7
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter