Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
23.11.2021
163
Аударыспақ
« Ілдірмек» ойынына баланы əбден төселдіріп, ат үстінде өзін мықты ұстап, əрқандай қиын жағдайға да төтеп беретін болғанда, ат үстінде аударыспақ ойнауға машықтандырады.
Бұл ойында ат айылын мықты тартудан бастап, қарсыласын ауда- рып тастау, аттан жұлып алу, өңгеріп əкету, атының айылын ағытып жіберіп, ер-тұрманымен құлату сияқты əдіс-тəсілдер егжей-тегжейлі үйретіледі.
Ойын балаларды жастайынан батылдыққа, батырлыққа жетелеп, жігер-күшін тасқындатады. Ұрпақтарды ат үсті өнеріне жан-жақты- лы жетілдіріп, əрқандай қиындыққа бас имейтін қажырлы азамат етіп шығарады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter