Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  22300


Автор: Жібек Ысқақова

30 жылдық кездесу, түлектерге тілектер

Сол жылдары мектепті бітіргелі,
Отыз жылда өтіпті-ау, неткен уақыт.
Сол кездегі күндер қайда балбұл жанған,
Біліндірмей сыйлаған бізге бақыт.

Қарап тұрсақ сол шақтар бақыт екен,
Қызыққа толы қайта келмес уақыт екен.
Көз алдынан елес боп тербелетін,
Мектептегі сод шақтар бақыт мекен.

Сол шақтарды еске алып, тілейтінім,
Отыз жылдық кездесу құтты болсын.
Сыныптастар амандықта жасай берші,
Жан дүниеңді тербетіп шаттық мол шын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Күлбаршын
Күлбаршын 24.05.2026 22:23
20 жылдық кездесуге тілектер
Айдана
Айдана 09.06.2022 23:07
30 жылдық мектеп бітіру тілек

Пікір жазу