Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  4281


Автор: Жібек Ысқақова

Қызыма тілек, балабақша түлектеріне арналған тілектер

Кіп-кішкентай нәп-нәзік гүлім менің,
Таусылмайтын әнім мен жырым менің.
Ашқан едің кеше ғана бақша есігін,
Дәмін татып алғашқы білім кенін.

Бүгін міне сол бақшаны тәмәмдадың,
Алға қарай адымдап, қадамдадың.
Әр қадамың оң болсын гүлім менің,
Орындалып мақсатың, бар арманың.

Бірінші сынып күтіп тұр енді алдан,
Білім нәрін тереңдеп оқытатын.
Ұстаздарың күтіп тұр сені қызым,
Білімнен өрнек оюлап, тоқытатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу