Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  2105


Автор: Жібек Ысқақова

32 жас ұлыма туған күнге тілек

Отыз екі жасың кеп, шаттандырды,
Құтты болсын құлыным туған күнің.
Қуаныш пен бақытың ортаймасын,
Лүпіл қағып жарығым жүрек үнің.

Отыз екі жас саған бақ сыйласын,
Бай-қуатты астыңа тақ сыйласын.
Абыройың асқақ боп ел алдында,
Алла саған қадірлі ат сыйласын.

Бақытты бол шаңырағың берік болып,
Қыдыр баба өзіңе серік болып.
Бақытыңның базары тарқамасын,
Шаңырақтың керегесін керіп тұрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу