Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  173


Автор: Дәркен Танабаев

Сабыр ет, жүрек сабыр ет.

Сабыр ет, жүрек сабыр ет.
Алқынып қайда барасың.
Ерік бер аздап ақылға,
Байқасын ол да шамасын.
Сабыр ет, жүрек сабыр ет,
Мінімді кімге тағарсың.
Жаралы нәзік жүрекке,
Ақылмен барсаң жағарсың.
Сабыр ет, жүрек сабыр ет,
Қалмады сенде тағат тым.
Бақытқа балап қалқамды,
Қиялым қанат қағатын.
Жер көкке сыймай жынданам,
Жүректің жылап қалғаны-ай,
Өзіңді ойлап мұң бағам,
Қай жақта жүрсің арман-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу