Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.09.2021
226
Бұйырып тұрса үзім нан
Бұйырып тұрса үзім нан
Кәпірдің қолынан да татасың.
Алланың болса әмірі
Жат топырақта да жатасың.
Бақ келіп қонса бармақтай
Шыққан тегіңе қарамай
Байлық теңізіне де батасың.
Ақсүйек болып айтулы
Ақылгөй болып та үн қатасың.
Тек жасыра алмайды
Уақыт емшінің өзі де
Ісіңнің барша қатасың.
Замандардан әрқашан
Сыр тартатын кемел бар
Сөйлейтін тіл-жақ болып
Өлең-жыр деген өнер бар.
Дүниенің ісі дүниеде қайтып,
Пәндәнің ешқандай ісі
Бақиға кетпейді деген бар.
бұйыру нан Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇