Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
264
Өмірдің көркі боп жарас тек
Бүгінгі қазақтың қыздары,
Бақыттысыңдар ғой, бауырым!
Естігенің ғана болмаса,
Білмейсің сен, аттың сауырын.
От басын, ошақты білмейсің,
Тұсаған әйелдер қауымын.
Шабынды...
«күлі өш күндестік»
Білмейсің сен ондай жау үнін.
Үстіңнен мен сенің көремін
Импорттың ішінде тәуірін.
Жамауды білмейсің жайлаған
Сонада бабаңның ауылын.
Ол күнде тері тон ең сорлы,
Нашардың үлесі еді бауырым,
Бұл – күнде бәсеке – мода үшін
Киетін болды ең тәуірін.
Мейлі ғой киімде тұрған не,
Әсемдікке әрқашан талас көп.
Өзіңе жарасқан тоныңдай
Өмірдің көркі боп жарас тек.
өмір бақыт Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter