Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  143


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ғашық жар

Жалғанда қиын екен екі ғашық,
Екеуі сөйлеспесе мауқын басып, ай.
Ағаштай жапырақ жайған, сүйген сәулем,
Тұрса екен топ ішінде бетін басып, ай.

Қайырмасы:
Ғашық, жар, енді аман бол,
енді аман бол, ай.
Ахау, сәлем-ай, ғашық жар-ай,
Сәулем, ғашық жар, сүйгенім.
Екеуі сөйлеспесе мауқын басып,
басып-ай, ғашық жар.

Жан сәулем, айға бітсе, сендей көрік,
Дария тасып, тау балқыр тастар еріп.
Тамақтан үлбіреген бір иіскетсең,
Кетпей ме бойдан қуат, ойдан ерік.

Қайырмасы:
Ғашық, жар, енді аман бол,
енді аман бол, ай.
Ахау, сәлем-ай, ғашық жар-ай,
Сәулем, ғашық жар, сүйгенім.
Екеуі сөйлеспесе мауқын басып,
басып-ай, ғашық жар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу