Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  250


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ағаш үйде терезе

Жоғарыдан келемін заулай түсіп,
Орған бидай жатады баудай түсіп,
Сен есіме түскенде, қалқа бала,
Жата алмаймын төсекте аунай түсіп, аунай түсіп.

Қайырмасы:
Жата алмаймын ағаш үйде,
Ағаш үйде терезе-ай.

Қалқатайым, қарағым, алтындайсың,
Алтын сапты қылыштай жарқылдайсың.
Інжу-маржан аузыңнан гүл төгіліп,
Ешбір жаннан, сөйлесең, тартынбайсың.

Қайырмасы:
Жата алмаймын ағаш үйде,
Ағаш үйде терезе-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу