Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2021
222
Ахау, ари-айдай
Ахауға мен салайын ари-айдай,
Артымда құрбыларға сөзім қалды-ай,
Үш жүздің баласына еркеледім,
Әншілік бұдан артық болсын қандай?
Ахауға мен салайын он екі алуан,
Сөзімде менің айтқан жоқ тұр жалған.
Арасын Орта жүздің аралап ем,
Өтерсің бізден-дағы, дүние жалған!
әншілік сөз құрбы Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter