05.07.2021
  296


Автор: Олжабай Сабырбек

Е, бәсе !

- Әй, қалай тапсырдың емтиханды?
- Беске !
- Сен өйтіп бөспе.
Кеше ғана «дайындығым нашар» деп,
Еңіреп жылап отыр едің.
Әкеңнен қыңқылдап,
Бірдеңе сұрап отыр едің.
- Рас, еңірегем,
Әлі де көзімнің алды дымқыл емсе пе?
Мені емтиханнан сүріндірмей өткізген,
Сол қыңқыл емес пе?
- Қыңқыл мен адам баға ала ма ?
- Сіз де түк түсінбейді екенсіз,
Қазір қалтаңда доллар болмаса,
Емтиханға бару деген далбаса.
Мен де курстастарым сияқты,
Сынақ кітапшамның ішіне
100 доллар салып бардым.
Ағайым мұндайды күтпеген екен,
Көзі аларып талып қалды.
Есін жиған соң есінеп,
Сынақ кітапшама ұмтылды.
Өзім де болып кеттім біртүрлі.
Енді әкемнен көрімджік алам,
Міне, зачетка, сенбесе.
- Е, бәсе!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу