Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.07.2026
21
МАМЫРЛАП ҰШҚАН АҚ ҚАЗДАР
Сезіліп тұр барлық бейнем жанардан,
Ғазиз жүрек бірақ неге жамалған?
Әуресіне түссе дағы бұл жаным,
Темірден бе жаралған?
Көрік беріп аспан асты шуақ күн,
Мен өзімді қаншама рет жұбаттым,
Ақ қаздармен еріп кетсем,-деп едім,
Олар алыс жырақ тым!
Ойымды ұрлап, анау аспан - басқа әлем,
Күйім болмай, әп-сәтте мен жасқа енем.
Иланғандай кейде өзімді алдаймын,
Қалды дейсің басқа нем?..
Бірақ ғұмыр әлдиледі мәпелеп,
Үміт маған қол создырды жетелеп.
Түсіндірді кешіруді, кешуді,
Тағдыр маған жекелеп.
Жалқы мұңнан көшкім келіп сабылдым,
Соққанына қарамастан дабылдың.
Жоғалтқан ем өзімді мен, тауып ап,
Енді ғана... таныдым.
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇