Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
45
Тосынға таңылдым
Тосынға таңылдым,
Қапылға ұрындым:
Сарайы жанымның –
Саркофагы ұлымның.
Қыршын жас өлімнің
Көші өткен жұртымын...
Қайсың бар –
Көңілдің
Бүтіндер жыртығын?!
Дүние – құбыл-шам,
Жарығын жасырды.
Кімің бар –
Жығылсам
Сүйейтін басымды!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter