Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
22
Адам түрімді жоғалттым
Адам түрімді жоғалттым,
Қара, сұрыма?!
Неге нала – оқ аттың
Сүйген құлыңа!
Шыққан шидей қотырмын
Желдің өтіне.
Қарай алмай отырмын
Елдің бетіне.
Өгей қалпы бейтыным
Көңіл хошына –
Оттан ыстық дейтұғын
Өмір осы ма?!
Жер еткеннен шошыдым
Жырдың егесін.
Өмір болса – осының,
Ұрдым енесін!
Жалғыз ұлдан айырдың
Қызғын шағымда.
Шоқ шайнаған шайырмын
Мұз құрсауында.
Көмейіме қорғасын
Құйдың қорытып.
Жалқынға алтын қор басым
Түсін жорытып.
Есін әрең жиғанға
Ненің желігі?!
Иван мінез Иранға –
Иттің өлімі!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇