Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  16


Автор: Иран-Ғайып

Қанжылап

Қанжылап,
Тек іштей тынамын:
Қаз тұрдың...
Тәй бастың...
Құладың!
Қабіріңнің басындағы Құлпытас –
Көлеңкесі күн жапқан күнәмін!
Түсініктен тысқары еркіңмін –
Өмірге ықтиярсыз келтірдім.
Өмірге келмесең –
Өлмес ең,
Яки,
Сені – мен өлтірдім!
...Түгіне түсінбей Дүние-Құбылдың
Мүшелден астың да жығылдың:
Көзін шел басқан түпсіз Шыңыраудан –
Шарасыз шаң тартқан Шығырмын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу