Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
15
Атаңды қайтем көп мінеп
Атаңды қайтем көп мінеп,
Уы жоқ оның ішпеген:
Артынан шықса – тепкілеп,
Алдынан келсе – тістеген...
Менің де жоқ сияқты
Құдай сүйер қылығым –
Белден бастым ұятты
Сорға сепкен ұрығын.
Қампиттым сыртқа түгімді,
Жасырып ішке жарамды.
Түнге тең күнім бүгінгі,
Ертеңім – тастай қараңғы.
Сан соқтым саяқ қалпымда,
Күзелді жал мен құйрығым,
Қалдырмай қара артында,
Алдыма түскен жүйрігім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇