Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  19


Автор: Иран-Ғайып

Құс ілмеген сұңқарым

Құс ілмеген сұңқарым,
Мұз құрсанған темірмін.
Түсінбеген іңкәрім,
Күйтұрқысын өмірдің.
Ұяңда үш түледің,
Ұрынбадың теріске.
Алып-ұшқан жүрегім
Айналғандай берішке.
Тас табаным ойылды,
Шоқ қарыған тандырдай.
Таза ұстадым бойыңды,
Шаң-тозаңға алдырмай.
Таяқтасаң күркеден
Шықпайтын ит жаным-ай...
От басқандай үркек ең,
Оң-солыңды танымай.
...Қорықпай қалай жатырсың,
Менсіз, әзиз анаңсыз –
Белін буған батырсың,
Бұ дүниеден алаңсыз...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу