Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
15
Сипап туғыздым
Сипап туғыздым,
Ата-Тегің – Мен.
Аққан жұлдызбын –
Шырқау көгінен.
Сылап өсірдім,
Жазығым не менің.
Кемірген есілмін,
Қайғы шеменін.
Сүйіп жерледім,
Жүрек жарғаным –
Жоғалған керуенім
Зайыр арманым.
Болғаны осы ма,
Болмыс-көресің.
Көздің жасына
Тұншықты елесің...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇