Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  18


Автор: Иран-Ғайып

Фәни қалыптан

Фәни қалыптан
Кеттің, Мұнарым.
Дүниежарықтан
Өттің, Мұнарым.
Періште кейпіңе
Сонша зарыққан
Әкеңді шын ғарып
Еттің, Мұнарым.
Жан даусың ашынған...
Тарс бітті құлағым.
Тартылды тосыннан
Өмір бұлағың...
Құдайдан – Құдіреттен –
Тәңірден бас ұрған:
Тек үміт отымның
Өшпеуін сұрадым.
...Бас қатты,
Іш кеуіп –
Құр өгізкүштеніп.
Өгейсіп Жер мен Көк –
Өліктүстеніп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу