Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
21
Құр жанымды қинадың
Құр жанымды қинадың,
Не келеді қолымнан?!
Кең дүниеге сыймадым,
Мұнар,
Сенің жоғыңнан!
Қырға шықсам –
Жылаймын,
Ойға түссем –
Жылаймын.
Жатсам-тұрсам еңіретіп,
Несін алдым Құдайдың?!
Неткен тайқы пешенем,
Мендей зарлық тумасын.
Ағыл-тегіл көшемен
Қаңғырады қу басым.
Өткенге де қараймын,
Кеткенге де қараймын.
Жарасын қапқан қасқырдай,
Өзімді өзім талаймын.
Аш өзегім талады,
Таусыламын торығып.
Үнім де өшіп барады,
Ұли-ұли қорынып!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇