19.06.2026
20
Құрметті 9-сынып түлектері!
Сіздерді білім жолындағы маңызды жетістіктеріңіздің бірі – 9-сыныпты аяқтауларыңызбен құттықтаймыз! Бұл кезең сіздерге тек білім ғана емес, өмірлік тәжірибе, достық пен жауапкершілік сыйлады. Әрбір жетістіктеріңіз бен еңбектеріңіз алдағы үлкен мақсаттарға бастайтын алғашқы қадам болсын.
Алдарыңызда жаңа мүмкіндіктерге толы жарқын болашақ күтіп тұр. Өз күштеріңізге сеніп, білім мен еңбекті серік ете отырып, армандарыңызға батыл ұмтылыңыздар. Жолдарыңыз әрдайым ашық болып, таңдаған бағыттарыңыз сіздерді биік белестерге жеткізсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇