Өте танымал ұзақ туған күнге тілектер
Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын! Жүрегіңізге иман, басыңызға ақыл, сөзіңізге нақыл, өжеттілік, айбат, қажымайтын қайрат тілеймін. Бойыңа сергектік, имандылық, еңбекқорлық, сенімділік тілеп туған күніңмен құттықтаймын.
Бүгін сенің туған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Құрметті …! Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болғай. Дастарханыңыздан дәм-тұзыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын.
Ардақты асыл жан ......! Сізді бүгінгі тулған күніңізбен құттықтаймын! Қыстай мықты денсаулық, көктемдей жаңа күн, жаңарған тіршілік, жаздай жайдары көңіл, күздей жарқыраған, алтындай өмір тілеймін! Жүзіңізді мұң шалмасын! Жаныңызға жақын жандардык ортасында, жаныңыз жадырасын!
Бүгін өзі ерекше, мерекелі күн. Осындай мерекелі күнде туылып, айналасын шуақты етіп жіберген бір ерекше жан бар! Сол жанды бүгінгі жеке меншік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр күніңіз берекелі, мерекелі болсын!
Аса қадірлі, құрметті жан ....! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймын! Жаңа жасыңыз бар жақсылығын сыйлай берсін! Өміріңіз жанданып, көңіліңіз шырайлана түссін! Саулығыңыз мықты болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, бақытыңыз баянды болсын!
Жаздың жайма шуақ күнінде келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Көңілің көтеріңкі болып, жаның жаздай жадырай түссін!
Күз айының алғашқы айында келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын қарағым! Саған аспанның ашығын, атқан таңның шапағатын, арманның асылын тілеймін!
Көктемнің жанға жайлы күнінде өмірге келген .... ! Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Көктемдей құлпырып, жаның жадырай түссін! Жанарыңнан бір тамшы жас құламасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇