Өлеңдер ✍️

  09.05.2026
  28


Автор: Тұрдыхан Айдарханұлы

ескі үміт

     Жапырағы қуарған ескі үмітпен...


                                     Абай


 


Мен сарғайған ескі үмітпін,


Қалтылдаған күздегі.


Қияңқы жел асығады,


Сағағымнан үзгелі.


Мезгілдің мен жүрегі едім,


Лүпіл қағып қан жүгірткен.


Айқасамын енді ақыры,


Уақыт деген әңгүдікпен.


Жел шайқаған бала күнім,


Құба құмда ізім қап.


Сексеуілдер маза бермес,


Құлағымда ызыңдап.


Ойда жоқта батыраш мұң,


Батырады тырнағын.


Ойға батқам оңашада,


Үнін естіп тырнаның.


Үрлемеймін үміт шоғын,


Еске алмайды мені ешкім.


Ертегімін шашы ағарған,


Ескі қыстау елеспін!


 


 


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу