Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.05.2026
66
Себебі сені сүйем
Сымбатты сұлу жүзің
Ботадай мөлдір көзің
Жүрегіме орныққан
Өзіңсің, жаным өзің
Көргенде жаным сені
Әлемім гүлденеді
Барлығын ұмыттырған
Көңілің көркем еді
Келген соң тағдырыма
Балаймын бақытыма
Сүйгеніме өкінбеспін
Жатқанша табытыма
Өзіңмен өмір сүрем
Өтседе күндер күрең
Бақытым өзің ғана
Себебі сені сүйем
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇