17.11.2025
  1594


Бір күні ауылдан қалаға бір атасы немересін алып келеді.
Қалада бәрі қызық қой — машиналар, дүкендер, жарықтар!

Көшеде келе жатса, бір ғимараттың есігі өзінен-өзі ашылады.
Ата таң қалып:
— Е, бәлеее, мынау не ғой?! — дейді.
Немересі:
— Ол автоматты есік, ата.
— Ә-ә, жақсы екен, өзінен өзі ашылады екен, — деп басын шайқайды.

Кішкене жүріп, лифтке кіріп кетеді.
Ата өмірінде көрмеген ғой. Бір кемпір кіріп, батырманы басады да, есік жабылады.
Ата таңырқап қарап тұрады. Бір минуттан кейін есік ашылса, одан жас қыз шығады!  

Ата көзі бақырайып:
— Ой, шіркін! — дейді.
Сосын немересіне бұрылып:
— Балам, ана әжеңді тез әкел! Мыналар адамды жасартып жатыр!  




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жанерке
Жанерке 22.03.2026 00:13
Күлкілі емес
Аружан
Аружан 25.02.2026 13:21
Күлкілі емес
Кәусар
Кәусар 06.02.2026 22:08
Өтпеді
Айару
Айару 10.01.2026 17:13
Күлкілі емесқо

Пікір жазу