Өлеңдер ✍️

  31.10.2025
  39


Ғұмырымның сұр қыры

Ғұмырымның сұр қыры


Сұрағым бар менің саған, о ғалам,


Мақсаты бар адамдарға таңғалам.


Өмір мәнін сұрап еді ол меннен —


Ауыр соққы болып келді бұл маған.


 


Өмір мәнін іздеп көрдім тау-тастан,


Нөсер төгіп тазалаған көк аспан.


Сарқырап тұр таудан суы үнемі,


Мәз болады, сықылықтап жымиып,


Көктен түскен қар қызындай күледі.


 


Өмір мәнін іздеп көрдім рахаттан,


Той-тойлатып, есепсіз де таң атқан.


Ит пен құсқа бірін-бірі теңеді,


Ыржың-ыржың себеп таппай күледі.


Тәрбие мен тәлімдерін жоғалтып,


Расымен де жануарға тең келді.


 


Өмір мәнін іздеп көрдім болыстан —


Атақ үшін бір-бірімен жұлысқан.


Әділдікті білмей өтер ғұмыры,


Кісі өлтірсе, кінәсіз деп танылады сол тұстан.


 


Өмір мәнін іздеп көрдім ғылымнан,


Бар әлемге даму түрін танытқан.


Зерттеп жүріп тау мен тасты, даланы,


«Кім болды?» – деп бұның бәрін жаратқан.


 


Өмір мәні болар, сірә, білімде —


Қуанышпен қабылдайтын күніңде.


Қара күшпен жеңіп тұрсаң жалғызды,


Біліміңмен қиратарсың бәрін де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу