Өлеңдер ✍️
ЖАСАНДЫЛЫҚ
Жасандылық болмаған соң қанымда,
Жолдастарым жүре қоймас маңымда.
Бірін-бірі беттен сүйген жандардың,
Жүрмегені жақсы емес пе жаныңда!
Қайда барсам, жасандылық жарқырап,
Тұрады ғой тағдырымды талқылап.
Шынайылық болғандықтан талабым,
Елдің көбі жүрер мені бақылап.
Көңілшектік бола қоймас – қорғаның,
Еркек көрді, аттың соры болғанын,
Әйел көрді, көттің соры болғанын,
Қашан көрдің жанның нұрға толғанын?
Сондықтанда жасандылық – дос емес,
Қисық көсеу отыңды еш көсемес.
Барды бар деп, жоқты жоқ деп айтпасаң,
Табаныңа ешкім кілем төсемес.
Ұят емес пе, күлмейтінге күлгенің,
Артыңа із салмас өмір сүргенің.
Білесің бе сені беттен сүйген жан,
Жезөкшені көттен сүйіп жүргенін.
Жасандылық бола қоймас бақытың,
Өтірікке кетпесін бар уақытың.
Кім болсаң да, өз болмысың сақталып,
Шынайы боп жүргеніңде жақұтым.
Жақыныма мен қашанда тазамын,
Бала жастан ойдың кенін қазамын.
Шынайылық – сый-құрметтің нышаны,
Жасандылық – ең ауыры жазаның!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇