Эсселер ✍️
Біз есірткісіз өмірді қалаймыз.
Есірткі-бұл адам ағзасына зиян келтіретін психологиялық тұрғыда әсері бар химиялық заттар. Олардың әсері моральді, физикалық мәселелерге әкеледі.
Біз бәріміз есірткі өте зиян екенің жетік білеміз. Оны тек зиян деп қоя салмау керек, оның негізгі зиянды әрі қауіпті салдарын да білуіміз қажет. Есірткіні қолдану денсаулыққа, психика мен қоғамға үлкен кері әсерін береді. Мысалы ең бірінші басты мәселе ол: денсаулыққа зияны, яғни, есірткінің зияны түрлі ауруларға, жүйке жүйенің нашарлауына әкеліп соғады.Дене мүшелеріне аса қауіпт:өкпе, жүрек, бауыр зақымданады. Тыныс алу жолдары төмендейді және де иммунитет түседі. Екінші мәселе ол: психиканың бұзылуы. Есірткі психиканың бұзылуына өте жылдам процессте болады. Яғни, депрессия, агрессия, көңіл күйдің тұрақсыздығы. Үшінші мәселе: саяси және қоршаған ортамен байланыс. Есірткі адамның жақындарымен және қоршаған ортадан алыстатады. Төртіншісі ол: заң жүйесі. Егер де есірткі сату, қолдану, сақтау мәселелері болса, онда ол адамды заң жүйесімен жазалайды, тіпті бостаңдықтан айыру мүмкіндігі жоғары. Және соңғы мәселе ол: өмір қауіпі. Яғни, есірткі қолданушылардың өмір сапасы төмендеп, басқа да қауіптер төнеді.
Ал егер сіз бұл басты мәселелерді білсеңіз, онда тәуелділіктің де өте нашар сезім екенін де жақсы білесіз. Есірткі қолданатын адамдар есірткіге тәуелді болады, әрбір жағдайда сол ляззат пен сезімді қайтадан сезінгісі келіп тұрады. Одан құтылу үшін уақытылы көмекке жүгіну қажет. Егер адам доғара алмаса, онда оның денсаулығына түрлі аурулар қаупі ойланбастан әкеліп соғады. Есірткі тек тұтынған адамға ғана емес, оның жақындары, достары мен туыстық қатынасы бар адамдар мен қоршаған ортаға өз кері әсерін көрсетеді. Себебі, есірткінің арқасында келетін түрлі мәселелер тек бір адамға әсер етпейді. Бірақ оны тек бір адам ғана шеше алады. Тұтынған адам өз өзін жинап, қолынан келетін бар күшін салуы керек.
Есірткісіз өмір-бұл тыныш өмір, таза денсаулық, өмірдегі алдыға қойған арман-мақсат, бақытты сәттер. Жастар мен ересек адамдар ары қарай өмірде нық қадам жасау үшін есірткіге жақындамауы керек. Өйткені, қателеспейтін пенде жоқ демекші, жас аралығы қателік жасауға қарамайды. Менің көзіме есірткісіз өмір сондай таза, ал адамдар меірімді болып елестейді. Есірткісіз тыныс алу оңай, ал адам өзің жеңіл сезінетіндей. Есірткісіз өмірдің артықшылықтары өте көп. Мысалы, денсаулық сапасы, Стұлға ретінде жеке адамның дамуы, білім алып, ой сананы уламау, психиканың тепе теңдігі, қаржылай тұрақтылық пен болашаққа нық қадам жасау. Есірткісіз өмір адамның болашағына сенімді болуына, жоспар құрып, арманын орындауға мүмкіндік береді. Ең бастысы ол есірткісіз адам рухани құндылықпен дами алады. Ол рухани жағынан өсуге мүмкіндік береді. Жақындармен қарым-қатынасты үзбеуге, ортаға өз пайдасын тигізуге септігін тигізеді. Өмірді салауатты сүруге үйретеді. Ең бастысы ол сені қоршаған орта мен адамдар. Өзіне білімді, ой саналары тар емес, жүрегінде иман, аузында салауат, басында ақылы бар адамдармен дос болу қажет деп ойлаймын. Себебі, адамды оның достарына қарап тануға болады дегенге мен кепіл сенемін.
Есірткісіз өмірді қалаймын. Себебі, мен әр күнімді ерекше өткізіп, өз мүмкіндіктерімді барынша іске асырғым келеді. Өмірдің әр сәтін бағалап, одан жарқын әрі ашық сәттерді қалаймын. Ол үшін мен өзіне мақсат қойған, денсаулығына көңіл бөлетін, оң көзқарас жасайтын, позитивті ойлайтын адамдарды жанымнан көргім келеді. Әрине менде оған сай болуым тиіс. Есірткісіз адам өзін дамытып, ризашылық пен басқа адамдарға көмек жасай білу қажет. Және өз өзін ұстап, жанұясын ойлауы керек. Менің бала кезімде әкем темекі шегетін(қазір жоқ). Анам 10 жыл бойы әкемнің темекіні тастағаның қалады. Әкемнің айтуы бойынша: «Маған әрине қиын болды, себебі, әрдайым іздеп тұратынмын, бір кезле есімді жиып, жанұям, төрт алтындай қызым бар екені есіме түсіп, өзімді қолға алдым. Қаламның пластикасын алып, далаға шығып кетіп, ой санама темекі деп сездірдім. Солай үш ай ішінде қойып кеттім.»-деді әкем. Бұл менің және менің әкеммен болған оқиға. Соңдықтан да, ең бастысы өзіңді жоғалтып алмау керек деп санаймын.
Есірткі қолданбау адамның физикалық және моральді түрде өзін сақтайды. Егер де есірткіге тәуелді болса, адамға оны қою қиын болады ғой деген ой туындаса. Қолданушы өзін реабилитация ауруханасына немесе хобби, қызығушылық, спортпен айналасуы керек деп ойлаймын. Себебі, есірткіге тәуелді болу ол нағыз нашақорлық. Өз құрдастарымнан бір оқиға естіген едім сіздермен де бөлісе кетейін:
«Ержан есімді жас жігіт университетте оқып жүрген кезде достарымен бірге көп уақыт өткізетін еді. Бір күні достарының бірі оны отырысқа шақырып, демалысты ерекше өткізуге ұсыныс жасайды. Сол кеште оған алғаш рет есірткі қолдануды ұсынады. Алғашқыда Ержан аздап қорқыныш танытады, достарының қысымымен есірткіні қолданып көруге шешім қабылдайды. Ол есірткіге тәуелді болмастан, тек «бір рет» қана сынап көремін деп ойлады.Бір рет қолданғаннан кейін есірткінің әсерін ұнатқан Ержан бірте-бірте тәуелді бола бастады. Ол қайтадан сол сезімді сезінгісі келіп, есірткіні жиі қолданатын болды. Уақыт өте келе оның мінезі өзгереді, Ержанның бүкіл энергиясы мен ақшасы есірткіге жұмсалды, тіпті ол қарызға батады.Бір күні Ержан қатты ауырып, ауруханаға түседі. Дәрігерлер оның денсаулығына есірткінің зиянды әсерін анықтайды. Ата-анасы оның бұл күйіне қатты қайғырып, ұлын құтқаруға барлық күштерін жұмсайды, қаржылай қарызға батады. Ержан өзінің қателігін түсініп, есірткіні тастап, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды.Ол оңалту орталығына барып, өзінің психикалық және физикалық саулығын қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт ем қабылдайды. Көп күш, уақыт өтеді. Ол енді есірткісіз өмірдің қадірін біліп, өзі сияқты жастарды есірткіден сақтандырып, оларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіруге тырысады.» Бұл оқиға өте ауыр және өзге адамдарға сабақ болатындай мәселе. Себебі біз өзімізден кіші немесе жасты балаларға бұл ойыншық немесе ойын күлкі емес екенің түсіндіруіміз керек. Есірткіге қарсы күресте білім беру, алдын алу шаралары және қоғамдық мүшелердің қатысуы маңызды рөл атқарады. Есірткісіз өмір бұл адам баласының өз өмірің толықтай және гармониялы түрде өткізу жолы. Есірткісіз адам креативті, позитивті, еңбекқор, міңсіз болады. Жақындарға сенімділікті арттырады. Есірткі сатып алуға жұмсалатын ақша үнемденіп, басқа пайдалы мақсаттарға жұмсалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇