30.04.2025
  211


Қуыршақ театры - бала жанына жақын өнер әлемі

    Қуыршақ театры - бала жүрегін баурапалатын ерекше өнердің түрі. Ол  баланың таза санасын баурап, мейірім мен ғажайыпқажетелейтін әлемнің бейнесі. Әсер ету күшіжағынан басқа театр түрлерінен ерекше орыналатын бұл өнер баланың нәзік жан дүниесінетікелей ықпал етеді. Көрермендері негізіненбалалар болғандықтан, олардың алдындағышынайылық пен тазалық деңгейі өте жоғарыболуы қажет.


      Қуыршақ театры бала тәрбиесінде қандайроль атқарады? Қуыршақ театры баланыойын арқылы тәрбиелейтін, оның көркемдікталғамын қалыптастырып, әлеуметтікбелсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінтаптырмас құрал. Бұл орайда Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театры өз жолынайқын белгілеген. Театр репертуарында«Ана-Жер Ана», «Алтын Адам», «Мама для мамонтенка» және т,б секілді отансүйгіштікрухты оятатын қойылымдардан бастап, «Сұғанақ ешкі», «Теремок», «Ұр тоқпақ»сияқты ізгілік пен адалдықты дәріптейтінтуындыларға дейін бар. Ұжым әр қойылымарқылы кішкентай көрерменнің көңіліненшығып, олардың театр өнеріне дегенқызығушылығын арттыруға бар күшін салыпкеледі.


               Баланың тап-таза жан-дүниесінесызат түсірмей, оны жақсылық пен жамандықты, мейірім мен зұлымдықтыажырата білуге баулитын өнердің бірі  дәлосы қуыршақ театры. Қойылым барысындабүлдіршіндер сахнадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін қадағалап, бейсаналы түрдеоларға жанашырлық танытады, оқиғаныңөрбуін өз санасында саралайды. Ал мектептемұғалім балаға дұрыс пен бұрысты үйретсе, театр сахнасында ол мұны өзі байқап, түйінтүйеді.


      Әр бала өз сүйікті ойыншығының тіріліп, қасында сөйлесе алғанын армандайды. Қуыршақ театры осы арманды шынайышындыққа айналдырады. Спектакльдердітамашалай отырып, бүлдіршіндер өзқиялының шексіз мүмкіндігін сезінеді. Ғылыми зерттеулер де баланың дамуынпсихологиялық түзетуде қолғапқуыршақтардың пайдалы екенін дәлелдеген. Түрлі мінезді қуыршақтар баланышынайылық пен жалғандықты, батылдық пен қорқақтықты, ақылдылық пен аңғалдықтыайыруға үйретеді, мінез-құлқынқалыптастыруға сеп болады.


     Қуыршақ театрына келген әр көрермен еңалдымен ертегі әлеміне енеді. Ертегі арқылыбала бойына туған жерге деген махаббат, әділетке деген сенім, тазалық пен ізгіліксияқты қасиеттер сіңеді. Сонымен қатар, театр баланың сөздік қорын молайтып, тілінширатады, сөйлеу мәдениетінқалыптастырады.


   Бүгінгі өмірдің қарбаласы мен тұрмыстыққиындықтары ата-аналарды балаларыныңрухани дамуына жеткілікті көңіл бөлугекедергі келтіріп жатады. Ертегі тыңдамайөсіп келе жатқан балалардың саны артыпкеледі. Егер әр отбасы аптасына бір реттеатрға баруды дәстүрге айналдырса, бала санасының жетілуіне, рухани әлемініңқалыптасуына баға жетпес үлес қосар еді.


           Қуыршақ театры - тек көңіл көтеруорны емес, ол  бала тәрбиесіндегі ең маңыздымәдени орта. Ол шығармашылық қабілеттідамытатын, логикалық ойлау жүйесінқалыптастыратын, жақсылыққаұмтылдыратын ерекше орта. Біз бүгінде осы өнерге қолдау білдіріп, бала тәрбиесініңнегізін қазірден дұрыс қалыптастыра білсек, ертеңіміз жарқын болары сөзсіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу