Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  103


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Сені ғана ойлаймын

 


Өтсе дағы  бір күнім  ғасырым боп,


Жатсын  мейлі арада шақырым көп.


Сені ғана ойлаймын сенесің бе?


Сенен  басқа  жүрекке  жақыным жоқ.


 


Мұңға малып жанымды кеш келеді,


Сенен өзге ойламай  ештеңені


Сағыныштан сарғайып кетеді  ғой,


Жүрегімнің  тарылып  кешке демі.


 


Тұнық түнде жабығып көз ілемін,


Мен түсімде өзіңмен кезігемін ,


Күтіп жүрмін кездесер сәтімізді,


Аңсаймын да жаңбырдай езілемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу