Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.03.2025
412
Өзге жан
Уақыт бер, бір жылда сүймеймінде.
Елең етпеймін, сылдырлап күлгеніңе.
Сағынба, мейлі, өкінбеймін,
Естеліктер ойға түсіп өртегенде.
Кеш мені, шектен тыс кеткеніме,
Мазалаймын, төзімім жетпегенде.
Үміт мені әрқашан жазалайды,
Басқа жанның құшағына кеткеніңде.
Өзгенің ошақ оты жанады да,
Сүйгеніңнің басқа болар жанары да.
Мен секілді құлар ғашық бола алмайды,
Бір өзіңе, жан-тәнімен жарасса да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇