Нақыл сөздер ✍️
Нақыл сөздер ✍️
24.02.2025
998
Сыртың жылтыр көрінгенмен айнадан,
Дұрыс болар ішкі әлемді ойлаған...
***
Бет бейнесі сұлу деп,
Сыртына сен қызықпа,
Сұлулықтан не пайда?
Іші толса қулыққа...
***
Сырты күліп тұрғанмен
Ішінде мұң көп болар.
Жүзі жайнап тұрғанмен,
Іші жанған от болар...
***
Айнаға қарап бой түзе,
Келбетің кірсін жандана.
Кітапқа қарап ой түзе,
Қалсыншы ел-жұрт таңдана...
***
Талда өскен кітаптар,
Рухани бай бұтақтар...
***
Сөреге жинап кітапты,
Білімді аламын тұрақты.
***
Қараңыз кітап алқасы,
Рухани байлық жалғасы.
***
Кітаптардың әлемі,
Кітап толы әдемі.
Сыйлар байлық рухани,
Кітап рухты, жан емі.
***
Сүйіп оқы кітапты,
Сөреден ап біреуін.
Досыңнан ал тағы да,
Арта берсін білерің...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇