Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  208


Автор: Жібек Ысқақова

КҮТУ ДЕГЕН

Күту деген — тоңдырады жаныңды,
Тамыр жайған солдырады бағыңды.
Күтуменен өткен әрбір күндерің,
Сындырады жайлап іштей сағыңды.
Күту деген — жауабы жоқ мың сұрақ,
Жатқандайын біреу сені жұлқылап.
Күтуменен таңың атып, күн батар,
Жаныңды жеп небір ойлар бұрқырап…
 Күту деген — уайымы көп азабың,
Сыздатады жанды қинап, таза мұң.
Күтуменен миың құрып, шаршайды,
Тоқтағандай жанға жайлы базарың.
Күту деген — өмірдің мұң кезеңі,
Шуақты күн тумай қояр кезегі.
Күту менен ой апарып түнекке,
Қуатың мен жігеріңді езеді.
Күту деген — күннің берер тозағын,
Сезе алмайсың өмірдің бұл ғажабын.
Күтуменен санаң шаршап құлайсың,
Қартайғандай он жылға көп, ажарың…!
Күту деген — жаныңды дерт басқаны,
Жазылатын көңілдің мұң дастаны.
Күтуменен өтсе балдай күндерің,
Қиындықтар келіп есік ашқаны…!
Күту деген — расыменде зор қайғы,
Жадыратар жаныңды күн болмайды.
Күтуменен ұйықтап қайта тұрасың,
Есеңгіреп миы ашыған жандайды…!
Күту берсе, сабыр берсін Жаратқан,
Қуанышын себелесін әр ақ таң.
Күтуменен өтсе-дағы көп күндер,
Күш, қуат бер Алла әрбір қанаттан…!
3.01.2025




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу