Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  707


Автор: Жібек Ысқақова

БҰЛ ӨМІР СЫНАҚ

Бұл өмір сынақ,
Береді қиын сәттерін.
Тұрасың жылап,
Түсінбей өмір бапкерін.
Жауапсыз сұрақ,
Толы боп көңіл дәптерің.
Барасың құлап,
Алыстап сенен бақ-керім‼!
Сенімен бірге,
Болады сонда жақының.
Алыстап күнде,
Кей адам кетер ақырын.
Шуақты күн де,
Көрінер бұлт боп жасырын.
Айлы аспан түн де,
Жасырар сенен асылын.
Бұл өмір сынақ,
Құлайсың демде, байқамай.
Уайымды құрап,
Күндерің өтер қайталай.
Таба алмай тұрақ,
Тынасың іштен айқайлай.
Жүресің шыдап,
Іштегі дертті айта алмай.
Бұл өмір сынақ,
Тоңдырар кейде жазың да.
 Кеткендей жырақ,
Айдыннан аққу, қазың да.
Үн қатар жылап,
Өлеңің, жырың, сазың да.
Сарқылып бұлақ,
Шаттығың қалар, назың да…!
Көрерсің бәрін,
Қарсылық қылып сынаққа.
Тайды деп бағым,
Кетемін деме жыраққа.
Келеді бабың,
Жеңесің бәрін құлап та.
Биік боп арың,
Адалдық жолда тұрақта…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу