Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
124
БІРТҮРЛІ ЖАН ЕКЕН
Бірде бар, бірде жоқ,
Бірде от, бірде шоқ.
Біртүрлі жан екен,
Құр елес, бізге боп...
Бірде ай, бірде күн,
Бірде ән, бірде жыр.
Біртүрлі жан екен,
Ашпайтын бізге сыр.
Бірде күз, бірде қыс,
Бірде сыз, бірде біз.
Біртүрлі жан екен,
Келмейтін жүзбе жүз.
Бірде ақ, бірде тақ,
Бірде сор, бірде бақ.
Біртүрлі жан екен,
Келген бұл бізге тап...
Бірде көл, бірде шөл,
Бірде сол, бірде оң.
Біртүрлі жан екен,
Кездескен бізге зор.
Біртүрлі жан екен,
Сөздері бал екен.
Өмірде ғажайып,
Нар екен, бар екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇