Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  461


Автор: Жібек Ысқақова

ТАБИҒАТТЫҢ МЫҢ ӘУРЕГЕ САЛҒАНЫ-АЙ!

«Көктем келді» — деп қуанып жүргенде,
Наурыз думан тамашамыз күлгенде.
Бір алапат келді еніп тосыннан,
Өзгерте алмай, өте кеш боп білгенде.
Табиғаттың мың әуреге салғаны-ай,
Құбылмалы бес күн дүние, жалған-ай.
Біз біргеміз Батыс, Шығыс, Солтүстік,
Қайта оралсын шуағы көп таңдар-ай!
Жауын жауып, айналаны су алып,
Түсіне алмай есенгіреп тұр халық.
Суда қалды ауылдағы үйлерім,
Топан судың ағысымен сұрланып.
Суығына тоңған жандар көктемнің,
Қара бұлты жаулаған бұл өктем күн.
Көліктер мен малың кетті суға ағып,
Еңбектері су боп ағып, еткен құр…
Қарт адамдар, балалар бар тағы да,
Отырған ел қайғы-мұңға салына.
Ауыр дейді «тас түскен бұл жеріне»,
Біз айтқанмен қаншама сөз қамыға.
Ғайып болды қаншама үміт, сан арман,
Жарамсыз үй, жас аққызып жанардан.
Аман болсын дейміз адам, бастысы,
Бас көтеріп қайта үйін сала алған…
Көмекке кеп, қол созатын жандар көп,
Алда әлі күліп атар таңдар көп.
Біз біргеміз, түсірмейік еңсені,
Қанат қағып, биікке әлі самғар боп!
2.04.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу