18.11.2024
  644


Автор: Жібек Ысқақова

Қиялдама армандап,
Жұмыс жаса тарбаңдап.
Сонда ақша келеді,
Еңбекпенен қонғақ бақ.

***

Ақша ұшар қолыңнан,
Бей-берекет жұмсасаң!
Аш-жалаңаш қаларсың,
Еңбегіңді қылмасаң!

***

Босқа қарап тұрғанмен,
Ақша қолға түспейді.
Армандап сен қиялдап,
Жылдап, айлап күт мейлі.

***

Ақша келмес жай ғана,
Еңбек етіп таппасаң.
Өсер биік мәртебең,
Ел үмітін ақтасаң...!

***

Ақша келсе еңбексіз,
Құны болмай, жоқ болар.
Жалқаулық кеп басыңа,
Еріншектік көп болар...!

Ақша келсе еңбекпен,
Көңілің көл, тоқ болар.
Өмір жолың жанданып,
Уайым-қайғың жоқ болар...!

***

Ақша керек адамға, қызмет керек,
Маңдай термен, еңбекпен қол жететін.
Сыйластық пен ынтымақ, бірлік керек,
Жанға жақын жандарды мол ететін.

***

Ақшаң болса қалтаңда,
Шалқаймағын жүре алмай.
Өзіңді зор санама,
Дос қадірін біле алмай...!

Ақша қолдың кірі бұл,
Келеді де, кетеді.
Шынайы дос сенімен,
Қол ұстасып өтеді...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу