Өлеңдер ✍️

  09.11.2024
  232


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Телефонда үнсіздік.

 


Телефоның өшірулі, үнсізсің,
Кешірмедің, өкпелісің, кім білсін.
Қосшы жаным, есітейін даусыңды,
Аспанымда бұлт сейіліп, күн күлсін.


Алло, алло"желіден тыс аймақта",
Менің жаным жүрсің екен қай жақта.
Дауысыңды есітейін алло деп,
Содан кейін мазаламайым бей уақта.


Деген едің, боламын деп мен сіздік,
Балап едім , мен ерлікке көзсіздік.
Енді қалай сеніменен тілдесм.
Алло, алло телефонда үнсіздік.


Үзілмесін, үзілмесін сезім сым.
Менің жалғыз махаббатым өзіңсің.
Саған қарай жолға шықтым жаным-ау,
Ал әйтпесе , кеш болады сөзім шын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу