Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.07.2024
379
Сонда да сені сағынам
Кетсең жырақ алыстап,
Сондада сені сағынам.
Қасымда жүрсең күлумен
Сондада сені сағынам.
Кетсең еріп өзгемен,
Сондада сені сағынам.
Алдап кетсең келем деп
Сондада сені сағынам.
Сағынам адам болғасын,
Сағыныш әнін салумен.
Жоғалтып сені алғасын
Сағынам сені налумен.
Сағыныш деген алып мұң,
Жанды мұңмен толтырған.
Жанда жара салып мұң
Сағыныш үнін қалтырған.
Естелік қылып өткенді,
Сағыныш қалды есімде.
Сағындырып кеткенді
Сағыныш жайлап төсімде.
Сондада сені сағынам,
Сағынып салған әнімен.
Сүйген жанмын табынам
Кеткенше өлім тәніммен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇