21.01.2024
  107


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Пітір садақа бидай немесе күріш сияқты дәнді- дақылдан ғана берілуі керек дегенді естідім. Осы мәселені түсіндіріп берсеңіз?


Жауап: Пітір садақа 2 келі бидай (ұн, талқан т.б.) не мейізбен немесе 4 келі құрма не арпамен есептеледі. Дегенмен, азық-түліктің орнына пітір садақаға оның ақшалай құнын бергені абзал («Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/210-211).





Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен есептеуге пәтуа шығарды. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, хадистегі «бір сағ» өлшем бірлігі – 4 келі, «жарты сағ» – 2 келі деп бекітілген. Аталған өнімдердің базардағы құнымен пітірді ақшалай беру мұқтаждарға тиімдірек.










Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу