21.01.2024
  108


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Соңғы кездері тісім жиі қанап кете береді. Қанаған мезетте аузыма түкірігімді жинап түкіріп тастаймын, кейде ұмытып кетіп жұтып қоямын. Осындай жағдайда ораза бұзыла ма?


Жауап: Тіс қанаған жағдайда қанның көлеміне қаралады. Дәмі білінбейтіндей дәрежеде түкіріктен аз мөлшерде болса, ораза бұзылмайды. Мұндай жағдайдан сақтану қиын. Алайда қанның көлемі түкірікпен бірдей не одан көп болса және оны жұтатын болса, ораза бұзылады. Кейін қазасын өтеу қажет болады. Сондықтан қолдан келгенше сақтанған жөн.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу