Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  182


Автор: Жібек Ысқақова

КІТАП ЖАЙЛЫ ТҮЙСІК ОЙ

Кітап жарық әлем,
Оқысаңыз терең...
***
Кітапсыз күн қараң,
Жаңармайды санаң.
***
Кітап нұр боп шашылар,
Жарық әлем ашылар.
* * *
Сүймесеңіз кітапты,
Көре алмайсыз қыратты.
Кітап білім бұлағы,
Жұмыс берер тұрақты.
***
Кітабы бар адам,
Өмірде бай адам.
***
Кітабы жоқ адам,
Болып қалар надан.
***
Кітап жарық күн, айдай,
Күнді мәнсіз қылмайды-ай.
 ***
Кітапсыз өмір бос,
Болмайды көңіл қош.
* * *
Кітартардың әлемі,
Кітабы бар кәделі.
Жарық етер жаныңды,
Салтанатым әдемі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу