Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
338
НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ
Наурыз келді ағайын,
Құтты болсын мерекең.
Гүл көктемдей құлпырып,
Арта берсін берекең.
Күн күлімдеп шығады,
Айналаға нұр шашып.
Ұйқысынан оянар,
Жеміс талдар гүл ашып.
Көкпары бар, қыз қуу,
Қазағыма жарасқан.
Теңге алу бар ат үсті,
Сыйластықпен тарасқан.
Наурыз көже ішейік,
Жиналған оу ағайын.
Жаудырайық тілекті,
Жайқалсын бар маңайың!
* * *
Құтты болсын бұл Наурыз,
Елді әндетіп, жырлаңыз,
Көрісейік күлімдеп,
Қане қарап тұрмаңыз.
Алтыбақан тебілсін,
Жас ағаштар егілсін.
Палуандар күресіп,
Сыйлықтарың берілсін.
Жаңғырсын бұл салтымыз,
Аман болып халқымыз.
Ынтымақта, бірлікте,
Арта берсін даңқымыз!
Ұлыстың күні оң болсын,
Денсаулығың зор болсын.
Жаңа жылда биылғы,
Айран, сүт — ақ мол болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter