Өлеңдер ✍️

  26.06.2023
  111


Автор: Серікбай Оспанов

Көтермейтін тәлкекті...

Көтермейтін тәлкекті,


Жігіт екен Ар текті.


Көзінде ұшқын кенеттен


Найзағайдай жарқ етті.


 


Алысса да барыспен,


Адал жанда Ар үстем!


Арамзада – намыс кем...


Қарсыластың көзінде


Білте шамы жалп етті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу