Өлеңдер ✍️

  08.06.2023
  990


Автор: Аналар күні

Анашым менің анашым

Анашым менің анашым,
Ерекшесің, дарасың.
Жүрегімнің төрінде,
Анашым сен ғанасың.

Анашым менің анашым,
Мейірімді анасың.
Тоңдырмайтын біздерді,
Анашым-ау панасың.

Анашым менің анашым,
Біз үшін сен данасың.
Мұңайғанда мұңаяр,
Жанашыр сен анасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аида
Аида 07.03.2025 20:43
Анашым ау анашым Сен қандай анасын Анашыма ау анашым сіз менің анамсын.

Пікір жазу