Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.05.2023
118
Көкжиектен қылтиып...
Көкжиектен қылтиып
Сығалады күн қарап.
Лезде жерге нұр құйып,
Түрді
Қара түн балақ.
Бірте-бірте етегін
Көкжиек те көтеріп,
Жайды гүлдер желкенін,
От боп қызыл өртеніп.
Бейне аппақ ақ мақта -
Бұлт та сәуле шашқандай.
Ұқсап соған бақ-бақ та
Тұрды желден жасқанбай.
Аямады күн нұрын,
Жарқыратты белдерді.
Ақ киіз үй түндігін,
Өзен, жылға, көлдерді.
Адамды да, малды да,
Аңды, қысты бөлмеді.
Қамқорына алды да,
Бөлеп нұрға,
Өрледі.
Төкті құстар ән-жырын
Құдіретіне құрметпен.
Аймалаған барлығын
Бауырмал бұл Күн неткен?!
Емес онша тосын жай,
Жер-жаһанға – ол тірек!
Адамзатқа осындай
Қасиет бітсін –
Сол тілек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇