06.05.2023
  138


Автор: Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысының жеңісті күні

Міне, екінші дүниежүзілік соғыс атауына айналған «Ұлы Отан» соғысының жеңіспен аяқталғанына да қаншама жыл өтті. Бұл, бүкіл әлемді шарпыған соғыс сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін бар әлемге паш еткен тарих беттеріне ұмытылмастай болып таңбаланған мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні — екінші дүниежүзілік соғыстың біткенін растаған, оған бүкіл соғысқа қатысушы жауынгерлердің қуанғанын бейнелейтін атулы күн.
Соғыстың алғы шептерінде қасқая тұрып, қайсарлықпен шайқас жүргізген, ерліктің сан үлгісін көрсеткен қазақ елінен шыққан батырлар да жоқ емес. Олардың ерліктерінің арқасында Жеңіске жетіп, атойлап, көздпріне жас алған қаншама Қазақстандықтар бар десеңізші. Соғыстан аман-есен оралған ардагерлер өздерімен соғысқа бірге барып, ерлікпен қаза тапқан жолдастарын еске алып көздеріне жас алатын-ды. Қазіргі таңда қалай, әр жылы мамыр айында, 9 шы мамырда болатын Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысатын, қаза тапқан жолдастарын еске алып, қиын-қыстау кезеңдерді еске түсіріп, көздеріне жас алатын ардақты ардагерлеріміз саусақпен санарлықтай азайып бара жатыр. Бұл 9 мамыр күні болатын Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар, берілетін ас-ауқаттарға шақырылатын ардагерлер жоқтың қасы. Ардагерлер мерекесіне айналып кеткен Жеңіс күнінің астарында қаншама жанның көз жасы, қаншама адамның қыршыннан қиылған тағдырлары жатыр десеңізші. Біз оларды еске алып, дәл осы күні оларға тағзым етіп, бас иеміз.
Соғыс жылдары тылда жұмыс жасап, еңбек еткен жандар да бүгінде тыл ардагерлері болып табылады. Оларға деген шынайы құрметіміз бен алғысымыз ұшан-теңіз.
Құрметті соғыс ардагерлері мен, тыл ардагерлері, сонымен бірге бүкіл Қазақ елін 9 мамыр жеңістің ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Берекелі мерекелі күндеріміз көп болғай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу