Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  96


Автор: Түрік поэзиясы

ДАСТАН

Жеңіс туын желбіреткен
Тұлпарлар бар.
Тағалары алтыннан.
Оғыз. Білге. Сүлейман
Алтындай бұл – нар тұлға.
Маңдайыма сыйған байлық
Бұл жерлер –
Бабалардан қалған мирас тартуға.
Сап алтындай қылыштардың
тот баспайды жүздерін.
Бақшадағы гүлдер менен
Таудан көрем іздерін.
Топан суда, боранда да күркіретіп жер жүзін
Жер мен көктің арасында –
Топырақ пен отты сүйген
Көк тəңірге басын иген.
Қасқыр жалды бөрі тектес
Намыс отын арға түйген.
Сол жеңісті алып келген
Тұлпарлар бар – алтын түймем..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу